Тіларалық интерференция грамматикалық қателердің қалыптасу факторы ретінде (B1 және B2 деңгейіндегі білім алушылардың ауызша сөйлеу материалы негізінде)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh203320263

Аңдатпа

Бұл мақалада тіларалық интерференция алғашқы екі тілі қазақ және орыс тілдері болып табылатын B1–B2 деңгейіндегі білім алушылардың ауызша сөйлеуіндегі грамматикалық қателердің қалыптасу факторы ретінде қарастырылады. Көптілді білім беру ортасында тіл үйренушілер ағылшын тілін бұрын қалыптасқан екі тілдік жүйенің бір мезгілде әсер етуі арқылы меңгереді. Бұл жағдай білім алушылардың аралық тілінің өзіндік сипатын айқындайды. Зерттеудің мақсаты – студенттердің ауызша сөйлеу корпусын талдау негізінде грамматикалық қателерді анықтау, жіктеу және интерпретациялау. Зерттеу материалы ретінде 60 студенттің спонтанды монологтік және диалогтік сөйлеу үлгілері алынды. Талдау аралық тіл теориясы мен қателерді талдау қағидаттары негізінде, сондай-ақ ағылшын, қазақ және орыс тілдерінің құрылымдарын салыстыру арқылы жүргізілді. Зерттеу барысында қателер морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша жіктеліп, олардың тіларалық, ішкітілдік немесе аралас сипаты айқындалды. Нәтижелер анықталған грамматикалық ауытқулардың жартысынан астамы тіларалық тасымалмен байланысты екенін көрсетті. B1 деңгейінде құрылымдық синтаксистік калькалар басым болса, B2 деңгейінде артикль, меңгеру және саналылық/саналмау категорияларына қатысты жасырын қиындықтар сақталатыны байқалды. Алынған нәтижелер ағылшын тілін үйретуде білім алушылардың қазақ-орыс қостілділік фонын ескерудің маңызын дәлелдейді. Зерттеу деректері қазақ-орыс қостілді білім алушыларға тән грамматикалық интерференция аймақтарын ескеретін мақсатты жаттығулар мен түзету тапсырмаларын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: грамматикалық қателер; тіларалық интерференция; қостілділік; ауызша сөйлеу; аралық тіл.

Автор өмірбаяндары

  • А. Алдабердіқызы, Астана IT университеті, Қазақстан, Астана қ.

    Алдабердіқызы Айдын (корреспондент автор) – PhD, ассистент-профессор, Астана IT университет (Қазақстан, Астана қ., e-mail: aydyn9@gmail.com)

  • А. Аязбаева, Астана IT университеті, Қазақстан, Астана қ.

    Аязбаева Алия филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор, Астана IT университет (Қазақстан, Астана қ., e-mail: aaliya@mail.ru)

  • Н. Есенова, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан, Тараз қ.

    Есенова Нарима – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Қазақстан, Тараз қ., e-mail: narimayessenova@gmail.com)

  • А. Жұмаханова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

    Жұмаханова Анаргуль магистр, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті (Қазақстан, Ақтөбе қ., e-mail: an.zhumakhanova@gmail.com)

Жарияланды

2026-09-20