Тілдің өміршеңдігі: көркем мәтіндегі экфрасисті тану және оның тілдік репрезентациясы
DOI:
10.26577/EJPh202220263Аңдатпа
Мақалада көркем шығармалардағы сөзбен суреттеу өнері – экфрасис құбылысы тілтанымдық және әдебиеттанымдық аспектілерде қарастырылады. Экфрасистің ұлттық тілдің өміршеңдігін сақтаудағы рөлі, сондай-ақ тілдегі бейнелі сөздердің когнитивтік, семиотикалық және авторлық идиостильдік ерекшеліктерін танытатын маңызды құрал екені негізделеді. Ә. Кекілбайұлының шығармаларындағы мысалдар арқылы экфрасистің тілдегі репрезентациясы ойбейнелерді, сюжеттік және символдық мәндерді тіл арқылы жеткізудің құралы ретінде талданады. Зерттеуде семантикалық талдау, когнитивтік әдіс, идиостильдік, стилистикалық және контекстік талдау тәсілдері қолданылып, экфрасистің мағыналық трансформация үдерістері – симплификация, экспликация, амплификация арқылы тілдің жаңғыруына ықпалы айқындалады. Зерттеу нәтижелері экфрасистің ұлттық тілдің мәдени-танымдық болмысын бейнелейтін және оның өміршеңдігін қамтамасыз ететін тиімді құрал екенін көрсетеді. Мақаланың негізгі мақсаты – көркем әдебиеттегі экфрасис құбылысының тілтанымдық және әдебиеттанымдық ерекшеліктерін анықтау арқылы ұлттық тілдің өміршеңдігі мен ойтанымдық әлеуетін ашу. Теориялық тұрғыдан зерттеу қазақ тілтанымында көркем мәтіндегі тілдік бейнелер мен ойбейнелер жүйесін талдаудың жаңа ғылыми мүмкіндіктерін көрсетеді. Экфрасистің троптар мен өзге бейнелі құралдардан ерекшелігі және оның мағыналық трансформацияға ықпалы негізделеді. Экфрасисті когнитивтік және семиотикалық тұрғыдан қарастыру тіл үйрету, әдебиеттану және шығармашылық жазу тәжірибесінде пайдалануға болатын әдіснамалық негіз ұсынады.
Түйін сөздер: экфрасис, симплификация, экспликация, амплификация, когнитивті-семиотикалық талдау, идиостиль, ойтаным.








