Қазақстандағы шетелдік студенттердің тілдік жағдаяты: транслингвизм және тілдік кодтың ауысуы

Авторлар

DOI:

10.26577/EJPh2022202615

Аңдатпа

Мақалада қазіргі кезде елімізде білім алып жатқан шетелдік студенттердің мемлекеттік тілді игеру кезінде кездесетін түрлі лингвистикалық, әлеуметтік, транслингвалдық ерекшеліктері қарастырылады. Елімізде жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік түркімен студенттері стандартқа сәйкес жалпы білім беретін пәндер қатарында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқиды. Еуропалық стандарт негізінде (5 ECTS) оқитын білім алушылар тілді игеру кезінде транслингвистикалық құбылыстарға, тілдік кодтардың ауысуына кезігеді. Олар тіл үйрену кезінде осындай тілдік жағдаяттарға тап болады. Осы құбылысты зерттеу – лингвистердің міндеті. Қазақстандағы шетелдік студенттердің тілдік жағдаятын зерттеу барысында кешенді талдау әдісі, тіл үйренудегі қиындықтары мен транслингвизмнің когнитивтік артықшылықтарын сапалық тұрғыдан талдау үшін сұқбаттасу, байқау әдістері, этнографиялық бақылау әдістері қолданылды. 

Зерттеу нәтижелері түркітілдес студенттердің шеттілді игеру барысында кездесетін бірінші кедергілері орыс тілін транскоммуникативті құрал ретінде пайдалануы болады. Сондықтан тіл парадигмаларын игеру кезінде орыс тілінің синтаксистік құрылымдарын тікелей аударма ретінде пайдаланғандығы байқалады. Бұл транслингвизмнің өзі білетін тіл арқылы үйреніп жатқан тілінің элементтерін пайдалану арқылы коммуникация орнатудың бір жолын көрсетеді. Сондай-ақ мәтіндер арқылы игеру негізінде фонетика, лексика, морфология, синтаксистік құрылымдарды пайдалануда транслингвистикалық ерекшеліктерді пайдаланып, ойын жеткізетіндігі анықталды. Транслингвистикалық ерекшеліктер код ауыстырулар арқылы көрініс табады. Код ауыстыру түрлері мәтін арқылы оқу кезінде айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым арқылы фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік интерференция мысалдары арқылы дәйектелді. Түркіменстандық шетелдік студенттердің тілдік жағдаяты транслингвистикалық құбылыс түрінде сипатталып, сөйлеу кезіндегі өзгерістері Қазақстанның тілдік жағдаятының бір қырын көрсететін мысалдар бола алады. 

Түйін сөздер: тілдік жағдаят, транслингвизм, тілдік код, код ауыстыру, түркітілдес студенттер.

Автор өмірбаяндары

  • Ғ. Шойбекова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Шойбекова Ғазиза Бейсенбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: shoibekova_gaziza@mail.ru)

  • С. Оданова, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Оданова Сағира Амангелдіқызы (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: s.odanova@satbayev.university)

  • А. Үдербаев, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Үдербаев Алмас Жауынбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: a.uderbayev@satbayev.university)

  • З. Жорабек, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Жорабек Зубайра Жаманбайқызы – PhD докторант, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zh.zubaira@gmail.com)

Жарияланды

2026-07-01

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары