Матрицалық тіл теориясы: қазақ және орыс тілдері арасындағы кодтың ауысуы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2033202610

Аңдатпа

Мақалада бір дискурста екі немесе одан да көп тілдің қатар қолданылуы нәтижесінде пайда болатын кодтың ауысуы құрылымын түсіндіру үшін матрицалық тіл теориясының негізгі тұжырымдары қарастырылады. Қазақ және орыс тілдері арасындағы кодтың ауысуын талдау үшін 2015–2020 жылдар аралығында жиналған, жалпы көлемі шамамен сегіз сағатты құрайтын қазақ-орыс билингвтерінің табиғи сөйлеуінің аудиожазбаларынан тұратын корпус пайдаланылды. Зерттеуде матрицалық тіл теориясының негізгі қағидаттары негізінде билингвалды конституенттердің түрлері анықталып, екітілді айтылымдағы матрицалық және ендірілген тілдерді ажыратудың негізгі өлшемдері сипатталады. Зерттеу нәтижелері қазақ-орыс кодтың ауысуында қазақ тілінің матрицалық тіл ретінде басым болатын классикалық типке сәйкес келетін жағдайлардың бар екенін көрсетті. Бұл жағдайда қазақ тілі жүйелік морфемаларды қамтамасыз етіп, билингвалды сөйлемдегі морфемалардың орналасу тәртібін айқындайды. Сонымен қатар қазақ-орыс кодтың ауысуында билингвалды конституенттердің үш түрі анықталды: (1) ендірілген тілдің морфологиялық көрсеткіштерсіз қолданылатын формалары (embedded language bare forms); (2) ендірілген тілдің ішкі морфо-синтаксистік құрылымын сақтайтын тілдік аралдар (embedded language islands); (3) матрицалық және ендірілген тіл элементтерінің ауысуынан құралған конституенттер (mixed constituents). Матрицалық тілді меңгеру деңгейі мен кодтың ауысуының басым типі арасындағы ықтимал байланыс осы зерттеуде сандық тұрғыдан тексерілмегендіктен, бұл мәселе одан әрі эмпирикалық зерттеуді қажет етеді.

Түйін сөздер: кодтың ауысуы, кодтың араласуы, матрицалық тіл теориясы, қазақ тілі, орыс тілі, қостілділік, матрица тілінің құрылым моделі.

 

Автор өмірбаяндары

  • Д. Көшербаева, Maqsut Narikbayev University, Қазақстан, Астана қ.

    Көшербаева Дина Қалибекқызы  PhD, ассистент-профессор Maqsut Narikbayev University (Қазақстан, Астана қ., e-mail: d_kucherbayeva@mnu.kz)

  • Ж. Смағұлова, КИМЭП Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Смағұлова Жұлдыз Сағидоллақызы PhD, профессор, КИМЭП университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: juldyz@kimep.kz)

Жарияланды

2026-09-20