Сот процесіндегі эмоционалдық динамиканың индикаторы ретіндегі судья мен прокурор сөзінің просодикалық ерекшеліктері (Шерзат Полат ісінің материалы бойынша)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh203320264

Аңдатпа

Мақалада Шерзат Полаттың ісіне сүйене отырып, сот процесіндегі судья мен прокурорлар сөзінің просодикалық сипаты талданады. Зерттеудің мақсаты – сот талқылауына қатысушылар жүзеге асыратын просодикалық белгілерді анықтау, олардың рөлдік жіктелуімен, сот процесіндегі эмоционалдық динамикасын көрсететін аргументтік мәнге ие ерекше белгілерді анықтау. Зерттеу келесі гипотезаны алға тартады: сот дискурсы жауап алудың аргументативті фрагменттерінде барынша айқын көрінетін просодикалық параметрлердің рөлдік жүйесімен сипатталады. Бұл параметрлер біркелкі емес, яғни әртүрлі формада жүзеге асырылады және сот талқылауына қатысушылардың коммуникативті мақсаттарына жетуде маңызды қызмет атқарады. Материалды зерттеудің негізгі әдістері: көп деңгейлі аналитикалық әдіс, просодикалық сипаттамаларды перцептивті-акустикалық талдау және ұзақтығы 2 сағат 33 минут 48 секундқа созылған бейнематериалды талдау PRAAT программасы арқылы сөйлемді сегменттеу әдісімен (орташа ұзақтығы 6 -11 секунд) орындалды. Нәтижесінде, сот ісін жүргізу барысына елеулі әсер ететін, коммуникативті функцияларды жүзеге асырудың нақты просодиялық стратегиялары анықталды. Зерттеудің құндылығы – қазақ тіліндегі сот дискурсының просодикалық ерекшеліктерін тұңғыш рет жүйелі түрде сипаттауында, бұл сот лингвистикасы мен форензиялық фонетика саласындағы білімді толықтырады. Практикалық маңызы – алынған нәтижелерді сот-лингвистикалық сараптамада, заң қызметкерлерін коммуникативтік дайындауда және сот отырыстарының аудио-бейне жазбаларын талдауда қолдануға болатындығында.

Түйін сөздер: сот дискурсы, судья мен прокурор сөзіндегі просодикалық ерекшеліктер, аргументациялық стратегия, эмоционалдық динамика көрсеткіштері, Қазақстан, қазақ тілі.

Автор өмірбаяндары

  • С. Баданова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Баданова Салтанат Жумабаевна – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: s.badanova@bk.ru)

  • Р. Кондыбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Кондыбаева Раушан Жумакеримовна – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kondybaeva.raushan85@gmail.com)

  • М. Желтухина, Пятигорск мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы, Пятигорск қ.

    Желтухина Марина Ростиславовна – филология ғылымдарының докторы, профессор, РАЕН академигі, Пятигорск мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы, Пятигорск қ., e-mail: zzmr@mail.ru)

Жарияланды

2026-09-20

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары