Қазақы тілдік санадағы «қыз» концептісі: гендерлік-когнитивтік лингвистикалық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh203320267Аңдатпа
Мақалада гендерлік когнитивтік лингвистиканың теориялық-методологиялық негіздері аясында «қыз» лексемасының қазақ тілдік санасындағы концептуалдық бейнесі зерттеледі. Зерттеу нысаны ретінде «қыз» ұғымының тілдік санада қалыптасқан когнитивтік құрылымы, яғни оның фреймдік, прототиптік, ассоциативтік және дискурстық деңгейлердегі репрезентациялары алынады. Мақаланың өзектілігі – тілдік санадағы гендерлік стереотиптер мен ұлттық концептілердің бір-бірімен астасуын жаңа интегративтік тәсілмен зерттеуде. Зерттеуде концептуалдық талдау, фреймдік семантика, прототиптік теория және психолингвистикалық эксперимент әдістері кешенді түрде қолданылады. Материал ретінде қазақ фольклоры, паремиологиялық қор, бұқаралық ақпарат құралдарының мәтіндері және ассоциативтік тәжірибе деректері пайдаланылады. «Қыз» концептісіне жүргізілген фреймдік модельдеу нәтижесінде оның бес негізгі слоты анықталды: болмыс, іс-әрекет, қоғамдық мәртебе, аксиологиялық бағалау және трансформациялық сипат. Болмыс слотына ар-намыс, үлкенге құрмет, ұяттылық; іс-әрекет слотына тәрбие, оқу және еңбек; қоғамдық мәртебе слотына болашақ жар, ана және рухани тұтқа рөлдері кіреді, ал аксиологиялық және трансформациялық слоттар бағалауыш мәндер мен жаңа әлеуметтік рөлдерді көрсетеді. Прототиптік талдау «қыз» образының тілдік санада бірнеше семантикалық қабатта – дәстүрлі, заманауи және гендерлік-трансформациялық – бір мезгілде өмір сүретінін дәлелдейді. Психолингвистикалық эксперимент нәтижелері «қыз» стимулына берілген ассоциациялардың ұлттық тілдік санада гендерлік коннотациялардың берік орын алғанын, алайда жаңа заман талабына орай олардың белгілі трансформацияға ұшырауда екенін көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – «қыз» концептінің тілдік санада репрезентациялану механизмдерін гендерлік когнитивтік лингвистика парадигмасы тұрғысынан жүйелі қарастыруында. Мақала қазақ тіліндегі гендерлік лингвистика мен когнитивтік семантика саласындағы ілімді дамытуға үлес қосады.
Түйін сөздер: гендерлік когнитивтік лингвистика, тілдік сана, «қыз» концепті, фреймдік семантика, прототиптік теория, гендерлік стереотип, психолингвистикалық эксперимент.







