Жасанды интеллекттегі эйджизм: ЖИ құрастырған эсселерді корпустық талдау арқылы зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2033202611

Аңдатпа

Жасқа қатысты тілдік қолданыстар қарт адамдар туралы қоғамдық түсініктерді қалыптастыруда маңызды рөл атқара бастады, сонымен қатар эйджистік нанымдардың күшеюіне немесе әлсіреуіне ықпал етуі мүмкін. Эйджистік біржақты көзқарастардың әл-ауқат пен әлеуметтік теңдікке тигізетін зиянды әсері бұл құбылысты лингвистикалық тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Эйджизм әлеуметтік, институционалдық және мәдени сияқты әртүрлі контекстерде зерттеліп келеді. Алайда, эйджизмнің тілдік тұрғыдан жүзеге асырылуына бүгінгі күнге дейін академиялық зерттеулерде салыстырмалы түрде аз көңіл бөлінген. Осы зерттеу аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында үш ірі тілдік модель (ChatGPT (OpenAI компаниясының GPT-5.2 моделіне негізделген), Claude Sonnet 5 (Anthropic компаниясы әзірлеген) және Gemini 3 (Google DeepMind әзірлеген) жасанды интеллект арқылы генерацияланған тоғыз эсседен тұратын корпуста жас пен егде кезеңнің лексикалық тұрғыдан бейнеленуі зерттелді.                                                   

Зерттеу сандық және сапалық тәсілдерді ұштастырады. ЖИ арқылы генерацияланған мәтіндегі сандық және корпустық талдау негізінде AntConc бағдарламасын қолданылуымен тоғыз лексикалық бірліктің (blue-hair, codger, dinosaur, fossil, geezer, old fart, old hag, old-timer, senile, wise, old және age) қолданылуы мен жиілігі анықталды. Сапалық талдау С. Хунстонның бағалауыштық және бағалауыштық емес қолданыстарды ажырату тұжырымдамасына сүйене отырып, жасқа қатысты лексикалық бірліктердің бағалауыш мағынасын және олардың зерттеліп отырған эсселердегі эйджизмді қалыптастыруға қосатын үлесі қарастырылды.

Зерттеу нәтижелері ашық түрде эйджистік және эйджистік емес деп белгіленген нысаналы лексикалық бірліктердің корпуста кездеспейтінін көрсетеді. Корпуста кездескен жалғыз жасқа қатысты негізгі лексикалық бірлік – age. Ол 27 рет қолданылып, егде жасты және зейнетке шығуды бейтарап немесе жағымсыз тұрғыдан сипаттайды. Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ, жасанды интеллект арқылы генерацияланған мәтіндерде айқын эйджистік лексикалық бірліктер болмағанымен, олардың хронологиялық жасты бейнелеу тәсілінде имплицитті эйджизмді қалыптастыруға бейімділік бар екені айқындалды.

Түйін сөздер: эйджизм, жас бейнелеуі,  жасқа қатысты стереотиптер, ЖИ тілі, корпусқа негізделген талдау.

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Оразтаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Оразтаева Жадыра Қайратқызы – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: oraztayevazhadyra@gmail.com)

  • Д. Қарағойшиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Қарағойшиева Данель Алмасбекқызы (корреспондент-автор) – филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: karagoishiyeva.daneliya@gmail.com)

  • А. Қаршығаева, Тұран университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Қаршығаева Айнұр – филология ғылымдарының кандидаты, Тұран университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: a.karshigayeva@turan-edu.kz)

Жарияланды

2026-09-20

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары