Арсен Баянов прозасындағы қалалық жад геопоэтикасы

Авторлар

  • Ш. Қуанышбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-0485-1200
  • Ж. Баянбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1710-0791
  • Ш. Адибаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-4720-8768

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202604526

Аңдатпа

Мақалада Арсен Баяновтың «Алма-Ата неформальная» және «Метафизика „белой горячки“» кітаптарындағы қалалық жад геопоэтикасы қарастырылады. Соңғы онжылдықтардағы қазақстандық әдебиетте қаланың жеке, «кіші» тарихы мәдени бірегейлік туралы ой қозғаудың тәсіліне айналып келеді, алайда Алматы туралы қала прозасы геопоэтика тұрғысынан әлі де аз зерттелген. Жұмыстың мақсаты – жазушының қалалық кеңістікті қалай модельдейтінін, мәдени жадты қандай құралдар арқылы жеткізетінін және геопоэтикалық бейнелердің постмодернистік баяндау стратегияларымен байланысын анықтау. Зерттеу геопоэтикалық, өмірбаяндық және интертекстуалдық әдістерге, сондай-ақ мәдени-тарихи реалияларды герменевтикалық түсіндіруге сүйенеді. Талдау барысында тоқырау кезеңіндегі Алма-Ата Баяновтың прозасында бейресми топонимдер, қалалық аңыздар, жеке естеліктер мен мәдени ассоциациялар арқылы қайта жаңғыртылатыны анықталды. Қала кеңістігі оқиғалардың аясы ғана болып қалмай, жадтың дербес тасымалдаушысына айналады. Топонимдердің екінші реттік семантикалануы, ирония, естелік, репортаж және деректі куәлік жанрларының тоғысуы қаланың ресми тарихын толықтыратын авторлық картасын қалыптастырады. Екінші кітапқа жүгіну жазушы шығармаларының тақырыптық сабақтастығын айқындауға және олардың мәтінаралық байланыстарын одан әрі зерттеуге негіз береді. Мақаланың ғылыми үлесі қалалық жад геопоэтикасын қазіргі қазақстандық әдебиеттегі жергілікті бірегейлікті пайымдау тәсілі ретінде сипаттауында. Нәтижелерді әдебиеттанулық зерттеулерде, қазіргі қазақстандық әдебиетті оқытуда және Алматының мәдени мұрасына арналған әлеуметтік оқу шараларын ұйымдастыруда пайдалануға болады.

Түйін сөздер: геопоэтика, қалалық жад, мәдени жад, геопоэтикалық бейне, қалалық топонимдер, постмодернизм, интермәтінділік, нарратив.

Автор өмірбаяндары

  • Ш. Қуанышбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Қуанышбаева Шилдекүл Сыдыққызы (корреспондент автор) – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kuanyshbaeva.g@mail.ru)

  • Ж. Баянбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Баянбаева Жадыра Амангелдіқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: bayanbaevazhadra@mail.ru)

  • Ш. Адибаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Адибаева Шолпан Тимурқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: s.adibayeva@satbayev.university)

Жарияланды

2026-11-26

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары