Куншаг санамақтарындағы түркілік дүниетанымның тілдік репрезентациясы (Иштван Қоңыр Мандоки зерттеулері негізінде)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh203320269

Аңдатпа

Мақалада түркі халықтарының балалар фольклорындағы санамақ жанры тілдік және дүниетанымдық жағынан кешенді түрде талданады. Зерттеудің мақсаты мен ғылыми маңызы – Мажарстандағы Куншаг аймағында сақталған құман-қыпшақ балалар санамақтарын тарихи-лингвистикалық дерек деп тану және тілдік-космологиялық модель ретіндегі қызметін айқындау. Ал, зерттеудің теориялық негізі болса, санамақ мәтіндеріндегі сандық тізбек, заттық және әрекеттік компоненттердің өзара байланысын түркілік дүниетанымға тән әлем  құрылымының тілдік көрінісі ретінде қабылдануға бағытталады. Яғни, Куншаг аймағындағы балалар санамақтарын ойындық немесе тек фолькорлық мәтін шеңберінде емес, түркілік дүниетанымның тілдік-космологиялық микромоделі деген тұжырым мақаланың ғылыми жаңалығы болып негізделеді. Осы негізде зерттеудің басты міндеттері ретінде құман-қыпшақ балалар санамақтарының тілдік құрылымын сипаттау, И.Қ. Мандоки ұсынған реконструкция қағидаларын жүйелеу және сан-зат-әрекет тізбегінің дүниетанымдық мәнін анықтау болып бекітілді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында тарихи салыстырмалы, этнолингвистикалық, семиотикалық және когнитивтік талдау әдістері кешенді түрде қолданылды. Мандоки еңбегінде қарастырылған Куншаг санамақтарының сан есімдері мен жекелеген лексемалары қазақ, қарашай-балқар, ноғай, құмық және добружа татар тілдеріндегі формаларымен беріліп, ортақ түркілік негізі көрсетілді. Талдау нәтижесінде, санамақ мәтіндерінің құрылымдық тұрақтылығы, сан есімдердің бірінші жақтық тәуелдік формасында берілу ерекшелігі және семантикалық тұрғыда мағынасы түсініксіз лексемалардың архаикалық сипаты айқындалды. Практикалық жағынан зерттеу нәтижелері түркі фольклоры, этнолингвистика және когнитивті тіл білімі бойынша оқу курстарында пайдалануға мүмкіндік береді. Қорытындысында балалар санамағы түркілік мәдени жадта әлемді реттелген жүйе ретінде қабылдататын когнитивтік-мәдени механизм қызметін атқаратыны тұжырымдалады.

Түйін сөздер: санамақ, балалар фольклоры, қыпшақ мұрасы, Иштван Қоңыр Мандоки, түркі дүниетанымы, тілдік репрезентация, этнолингвистика, когнитивтік модель, мифо-ғұрыптық құрылым.

 

Автор өмірбаяндары

  • Ш. Кудьярова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Кудьярова Шолпан Таубаевна (корреспондент-автор)  – PhD, доцент м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kudyarova.72@mail.ru)

  • Ә. Рахымбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Рахымбай Әсел Әнуарқызы – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: berch.bilig@gmail.com)

  • Б. Рахымбай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Рахымбай Бауыржан Құсайынұлы – магистр, аға оқытушы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: baukarpet747@gmail.com)

  • А. Серикбаева, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Нөкіс қ., Қарақалпақстан

    Серикбаева Ақмарал Сахратдинқызы – PhD, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Қарақалпақстан, Нөкіс қ., e-mail: akmaralsaxratdin@gamil.com)

Жарияланды

2026-09-20

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары