Қазақ ғылыми лексикасындағы терминжасам элементтерінің жұмсалымдық-семантикалық типологиясы

Авторлар

  • А. Иманбердиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0005-4288-8727
  • Қ. Айдарбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9850-5255
  • А. Аккузов Ж.А. Тәшенев атындағы университет, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5433-9355
  • Э. Избасарова Академик Ө. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0007-6318-8054

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202604426

Аңдатпа

Мақалада қазақ ғылыми лексикасындағы терминжасам элементтерінің жұмсалымдық-семантикалық ерекшеліктері мен ғылыми ұғымдарды қалыптастырудағы қызметі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ғылыми білімнің қарқынды дамуы жағдайында терминдердің құрылымдық сипатын ғана емес, олардың семантикалық мазмұны мен функционалдық әлеуетін де жүйелі түрде зерделеу қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – қазақ ғылыми терминологиясындағы терминжасам элементтерінің семантикалық қызметін анықтап, олардың жұмсалымдық-семантикалық типологиясын ұсыну. Зерттеу материалы ретінде termincom.kz терминологиялық қорынан іріктелген 1700 терминологиялық бірлік алынды. Зерттеу барысында құрылымдық-семантикалық, компоненттік, морфемалық, сөзжасамдық және сандық талдау әдістері, сондай-ақ материалды жіктеу, жүйелеу және модельдеу тәсілдері қолданылды. Нәтижесінде терминжасам элементтерінің бес негізгі типі анықталды: аталымдық, жіктемелік, категориялық, интерпретациялық және біріктіруші. Сандық талдау олардың терминологиялық бірліктер құрамындағы үлесі тиісінше 45,82%, 12,71%, 21,59%, 12,12% және 7,76% екенін көрсетті. Аталымдық типтің басымдығы терминжасам элементтерінің ғылыми нысандар мен құбылыстарды атаудағы негізгі қызметін айқындайды. Қалған типтер ғылыми ұғымдарды жіктеу, категориялық тұрғыдан белгілеу, мазмұнын нақтылау және пәнаралық байланыстарды қалыптастыру міндеттерін атқарады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы терминжасам элементтерін тек құрылымдық белгісі бойынша емес, семантикалық және функционалдық қызметіне қарай жүйелеумен байланысты. Ұсынылған типология қазақ терминологиясын жетілдіруде, терминографиялық жұмыстарда және ғылыми мәтіндерді талдауда қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: қазақ ғылыми лексикасы, терминжасам элементтері, терминжасам, семантикалық қызмет, жұмсалымдық-семантикалық типология, ғылыми терминология.

Автор өмірбаяндары

  • А. Иманбердиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Иманбердиева Айнұр Балтабайқызы (автор-корреспондент) – докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: ainur-iab@mail.ru)

  • Қ. Айдарбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы – филология ғылымдарының докторы, доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: aidarkar_10@mail.ru)

  • А. Аккузов, Ж.А. Тәшенев атындағы университет, Шымкент, Қазақстан

    Аккузов Абдыжалил Абуталипович – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: accozov66@mail.ru)

  • Э. Избасарова, Академик Ө. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шымкент, Қазақстан

    Избасарова Эльвира Иманалиевна – философия докторы (PhD), академик Ө. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: elvira__1979@mail.ru)

Жарияланды

2026-11-26

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары