Қаныш Сәтбаев және көркемдік-танымдық синтез

Авторлар

  • Е. Хуатбекұлы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-7426-2973
  • Ж. Сарсенбаева М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-9554-163X
  • Д. Мухамадиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0004-9407-6088

DOI:

10.26577/EJPh2022202618

Аңдатпа

Мақалада қазақ ғылымының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми қызметін бейнелейтін екі туынды салыстырмалы тұрғыдан талданады. Негізгі зерттеу нысаны ретінде Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі мен Санжар Керімбай, Әділбек Нәбидің «Қаныш және ғылыми майдан» еңбегі алынды. Зерттеу барысында аталған шығармалардың жанрлық табиғаты, деректілік негізі, көркемдік баяндау тәсілдері, авторлық интерпретациясы және оқырман қабылдауына ықпалы қарастырылды. Медеу Сәрсеке туындысында тарихи дерек пен көркемдік қиял өзара ұштасып, Қаныш Сәтбаев бейнесі кейіпкерлердің ішкі сезімі, диалог, сюжеттік иірім және көркем эпизодтар арқылы ашылатыны айқындалды. Ал Санжар Керімбай мен Әділбек Нәби еңбегінде нақты фактілерге, құжаттық деректерге және философиялық-аналитикалық пайымға басымдық беріліп, ғалымның ғылыми күресі мен Қазақстан Ғылым академиясын құру жолындағы қызметі ғылыми-танымдық тұрғыдан сипатталады. Салыстырмалы талдау екі туындының тарихи тұлғаны танытуда екі түрлі әдеби-танымдық модель ұсынатынын көрсетті: біріншісі – көркемдік интерпретацияға негізделген роман-эссе, екіншісі – деректік және аналитикалық сипаттағы ғылыми-танымдық еңбек. Зерттеу нәтижесінде Қаныш Сәтбаев бейнесінің көркем әдебиет пен ғылыми-танымдық прозада әртүрлі тәсілмен репрезентацияланатыны және бұл айырмашылық қазақ деректі прозасының даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретіні тұжырымдалды.

Түйін сөздер: деректі проза, роман-эссе, аналитикалық очерк, тарихи тұлға, көркемдік-танымдық синтез, ғылыми-танымдық әдебиет.

Автор өмірбаяндары

  • Е. Хуатбекұлы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан, Алматы қ.

    Хуатбекұлы Ерканат – PhD, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: erema_k91@mail.ru)

  • Ж. Сарсенбаева, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан, Алматы қ.

    Сәрсенбаева Жансұлу Баденқызы – PhD, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: babe8812@mail.ru)

  • Д. Мухамадиев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Мухамадиев Даурен Бакдаулетович – филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: dauren-7725@mail.ru)

Жарияланды

2026-07-01