Ауызекі және жазбаша қолданыстағы лексиканың ерекшеліктері туралы (БАҚ материалдарының жиілік тізімдері бойынша)

Авторлар

  • A. A. Kuryshzhan A.A. Ханкук университеті

Кілт сөздер:

жиілік сөздігі, қазақ тілі, БАҚ.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі ауызша және жазба мәтіндер түріндегі БАҚ материалдарының негізінде жасалған жиілік зерттеулер туралы айтылады. Сауалдар, сұхбаттар, ток-шоудағы сөйлесу, жазбалар, сұрақ-жауаптар, т.б. айтылған және жазылған мәтіндерден жасап шығарылған жиілік тізімдер қаралады. Осы материалда қазақтілді коммуникацияның бас айырмашылығы оның формасы (ауызша не жазбаша) болып табылатындықтан, ең жиі қолданылатын 100 жоғары рангты лексикалық бірліктің екі тізімі көрсетіледі және әр тізімнің ерекшеліктері сипатталады. Осындай жиілік тізімдерді оқытуда қалай пайдалануға болатыны, қазақ мәтіндер үшін ғылыми индексацияны қалай жасауға болатыны қаралады; қазақ лингвистика мен ақпараттық технологиялар үшін мүмкіндіктердің қолданысы туралы айтылады.

Жүктеулер