В. Высоцкийдың өз заманын «Братские могилы» атты шығармасының соғыс тақырыбы арқылы бағалауы
Кілт сөздер:
мазмұн және пішін жүйесі, төртдеңгейлік талдау, осы уақыттағы хронотоптың жоғарғы және астынғы шегі, болжаушылық мағына, «тәртіп және алай-түлей», көркемдік критерийлер, аллюзия и реминисценция, интертекстуальность.Аңдатпа
В. Высоцкийдың «Братские могилы» атты өлеңінің мазмұны мен пішіні алғашқы рет жүйелі түрде талданып отыр. Мұндағы мақсат автордың негізгі ойын, көркем мәтіндегі объектік және инварианттық тақырыбының қалыптасу үрдісінің замана конфликттерімен байланысын ашу әрі бағалау. Мұны іске асыру үшін аллюзия және реминисценция әдісі қолданылады. Мысалы, М. Горькийдің Данко бейнесі және Р. Рождественскийдің «Реквием» поэмасының тақырыбы. Бұл шығармашылық трансформация (интертекстуальность) ақынның соғыс жайлы ой толғаныстарын тереңдете түседі және оқырмандарға өз замандастары мен сол заманның қарама-қайшылықтарын жеткізуге көмектеседі. Ондағы негізгі мәселе автордың әлеуметтік психологияда қалыптасқан жеке тұлғаны кемсітіп, ұжымды жоғары бағалаумен келіспеушілігінде. Мұнда «Братские могилы» өлеңінің көркемдік критерийі жағынан элегия жанрына сәйкестігі, сонымен қатар Высоцкийдің бейнелеп көрсеткендерін бағалаудың көптүрлілігі негізінде жанрлық түрлер мәселесі көтеріледі.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
В. Высоцкийдың өз заманын «Братские могилы» атты шығармасының соғыс тақырыбы арқылы бағалауы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1472
