Ұлт көшбасшысының гуманитарлық дискурсындағы концептуалдық метафораның қызметі

Авторлар

  • N. М. Tomanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

гуманитарлы дискурс, институционалды дискурс, концепт, концептуалды метафора, артикулятор, жаһан халық, саяси сана, символ.

Аңдатпа

Ұлт көшбасшысының тілдік тұлғасы өзінің гуманитарлық дискурсында бір уақытта адамның тұрмысын, оның ұлттық және әлеуметтік мәдениетін жан-жақты ойлауға мүмкіндік беретін біздің мәдениетіміздегі жаңа дискурсты ойлауға жақындап келеді. Авторлар гуманитарлық дискурсты дербес (тұлғалы-бағытталған) және институционалды дискурстардың өзара әрекеттерінің нәтижесі ретінде қарастыруды ұсынады. Бір жағынан мемлекет қайраткерінің, екінші жағынан шығыс ойшылының жаңашыл мәтіндері өзара байланысатын еліміздің саяси көшбасшысының гуманитарлық дискурсын үлгі етіп алуға болады. Мұндай өзара әрекеттестіктің іздері мәтінаралық диалогтың лингвистикалық көріністерінің арқасында мәтін кеңістігінде көрінді. Ұсынылып отырған мақаланың зерттеу объектісі метафоралық сөзқолданыстар мен ұлт көшбасшысының гуманитарлық дискурсының репрезентациялаушы базисті концептілері болып табылады.

Жүктеулер