Тілдік қарым-қатынас және тілдік стратегиялар

Авторлар

  • А. К. Жукенова Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

Кілт сөздер:

тілдік қарым-қатынас, тілдік стратегия, қарым-қатынас, шегі кооперация қағидасы, сыпайылық қағидасы.

Аңдатпа

 Бұл мақалада ауызша сөйлеу теориясы және стратегиялары қарастырылған. Мұнда кооперация мен сыпайылық ұстамы туралы жазылған. Алғашқы осы ұстанымдар мазмұнын зерттеген Г.П. Грайс. Кооперация ұстанымы ережеге сәйкес жүзеге асады немесе максим түрінде де болады, бұл көрініс дискурстың нормативін анықтайды. Максим, Г.П. Грайстың түсінігі бойынша, келесі түсіндірме ереже түрінде сипатталады, сенімді түрде сөйлеушінің тәртібін шектейді, кейбір максимдер кесінді түрінде әлеуметтік лингвистика параметрімен сипатталады. Р. Лакофф перзуазивті дискурс кооперацияның принциптерінің бұзылу негізінде құрылады деген болжам айтады. Сөйлеуші мен тыңдаушы өздеріне осы қағиданың сақталмауы туралы есеп береді. Г.П. Грайстың айтуы бойынша бұл «сыпайылық категориясының» лингвистикада қолданылуына байланысты туындаған. Г.П.Грайс кейбір максим модификациясының қорытындысы ретінде қосымша тілдік тәртіпті анықтау үшін, олардың шекарасын, яғни манипуляция мен жанама тілдік акт арасындағы мотивациялық акт қорытындылау үшін ой айтады.

Жүктеулер