Шетел тілін оқытудағы заманауи тәсілдердің қолданылуы және олардың негізгі сипаттамалары

Авторлар

  • А. N Akhmedova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Е. О. Artykova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

жеке тұлғаға бағытталған әдіс, коммуникативті әдіс, жобалық әдіс, тіл – әлеуметтік – мәдени әрекеттің құралы, өнімді оқу іс-әрекеті.

Аңдатпа

Бұл мақалада ЖОО – дағы шетел тілін оқытудағы жаңа тәсілдер қарастырылады. Сол мақсатта шетел тілін оқыту әдістемесінде жеке тұлғаның кәсіби дамуына жету болып табылады. Мақалада жеке тұлғаға бағытталған, коммуникативті әдіс, жоба әдісі және олардың негізгі сипаттамалары, сонымен қатар шетел тілін оқыту әдістемесінде олардың тиімділігі қарастырылады. Жеке тұлғаға бағытталған әдіс студенттің оқу іс-әрекетіндегі өнімділігі тілдік білім беруде заманауи тұжырымдамамен анықталады. Аталған тұжырымдамада негізгі категория – білім беру мақсаты болып табылатын тілдік категория, ал тіл – әлеуметтік-мәдени әрекеттің құралы болып табылады. Берілген тұжырымдаманың негізгі аспектісі студенттің шетел тілі аясында оның мазмұнын анықтайтын жеке білім беру өнімін қалыптастырылуына бағытталған өнімді оқу іс әрекеті болып табылады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі