Ғылыми мәтін материалын баяндау
Кілт сөздер:
ғылыми мәтін, ақпараттылық, материалды баяндау тәсілдері.Аңдатпа
Әдістемелік сипаттағы мақала өз ойын қисынды түрде жеткізу, жазбаша және ауызша мәтіндерді терең ойластыра құрастыру қажеттілігі негізінде жазылған. Аталған мақала ойдың негізгі мазмұнын жеткізу мәселелеріне арналған. Егер ақпарат қайталанса, ақпараттылық деңгейі төмендейді, және керісінше, егер мәтін барынша жаңа ақпаратты қамтыса, ақпараттылық жоғарылады. Қосымша ақпарат анықтама беру, түсіндіру, ұғындыру, нақтылау, біріктіру секілді әртүрлі формада беріледі. Мұндай айқындаушы ақпаратты басы артық деп емес, жаңа, пайдалы ақпарат ретінде қарастыру керек. Мақалада материалды баяндаудың индукциялық және дедукциялық, ұқсастық пен қарама-қарсылық, сатылы, дилемма сұрақ, сұрақ-жауап, жиектеу және атап шығу, нақтылау, параллелизм, салыстыру секілді әдіс-тәсілдері қарастырылады. Кенеттен бастау тәсілі назарды аудару үшін қолданылады. Тақырыпты өз бетінше қорытындылау үшін практикалық тапсырмаларды орындау қажет.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ғылыми мәтін материалын баяндау. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1530
