Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы (психолингвистикалық талдау)
Кілт сөздер:
ғаламның тілдік бейнесі, тілдік тұлға, мәдени ақпараттық код, когнитивтік парадигма, аялық білім, автордың прагматикалық ұстанымы.Аңдатпа
Мақалада ғаламның тілдік бейнесін айқындауда кез келген көркем шығармадағы дүниетанымдық тілдік бірліктердің кейіпкер образын ашуға қызмет ететініндігі көрсетіледі. Адам баласы ес біле бастағаннан ақиқат өмірге бейімделуі үшін өзін қоршаған ортаның болмысы мен өмірлік тәжірибесі туралы мәдени ақпараттардың жадтағы қорын жинақтай бастайды. Осы түрлі білімдер арқылы тұлғаның бойында ғаламның тілдік бейнесі жасалады. Алайда, дүниені қабылдау мен танымның көрінісі барлық адамдарда бірдей болмауы мүмкін. Бұлар суреткерлердің шығармашылық галереясында түрліше көрініс табады. Демек, мақалада М. Әуезовтің драмаларындағы кейіпкерлердің тілдік тұлғасы психолингвистикалық қырынан талданып, әрекет етуші тұлғаны сөйлеу барысында қарастыру, яғни оның сөздік қоры, қолданған фразалық тіркестері және өзінің тұлғалық мәртебесін қоршаған ортаның элементтерімен салыстырулар арқылы жүзеге асырылатындығы жан-жақты сипатталады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы (психолингвистикалық талдау). (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 156(4). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1550
