Лингвистикадағы зерттеу нысаны ретіндегі стратегиялық құзыреттілік

Авторлар

  • Г. Е. Өтебалиева Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Р. М. Есболатова

Кілт сөздер:

коммуникативтік құзыреттілік, стратегиялық құзыреттілік, екінші тілдік тұлға, тілдік білім, өзге тілді меңгеру, ауызша сөйлеу мінез-құлық стратегиялары.

Аңдатпа

Мақалада шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріндегі тіл теориясы, лингвистикалық, психолингвистикалық, әлеуметтік лингвистика бойынша зерттеулерде, сонымен қатар тілдерді оқыту әдістемесіндегі арнайы еңбектерде зерттеу нысаны ретіндегі стратегиялық құзыреттілік мәселесі қарастырылады. Стратегиялық құзыреттілік екінші тілдік тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігінің базалық компоненті ретінде қарастырылады. Стратегиялық құзыреттілік анықтамасы екінші тілдік тұлғаның өзге тілді меңгеру қабілеті туралы, тіл меңгеру үдерісінде қалыптасқан ауызша сөйлеу мінез-құлық стратегиясын қолдана алу қабілеттілігі туралы біліміне негізделеді.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары