Кәсіби-шеттілдік даярлауда шетел тілі мұғалімінің мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Кілт сөздер:
мәдениетаралық, қатысымдық, құзыреттілік, шеттілдік, тілдесуді дамыту.Аңдатпа
Осы мақалада кәсіби-шеттілдік даярлауда шетел тілі мұғалімінің мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілігін дамыту туралы айтылады. Шетел тілін оқытудағы мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру, мен шетел тілін білу мәдениетаралық өзара әрекеттің сәтті болуы мақаланың негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілін білу мәдениетаралық қатысымдықтың сәтті жүруіне кепілдік бермейді. Көп зерттеушілердің пікірі бойынша білім алушылар өзара мәдениетаралық қатысымдыққа дайын еместігі және шетел тілінің мәдениетін біліп оқудың маңыздылығын толығымен бағаламайды. Шетелдік ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, шетел тілі сабағындағы қатысымдық құзыреттіліктің маңыздылығына көз жеткізуге тырыстық. Сондықтан мәдениетаралық қатысымдықты дамыту қажет. Қатысымдық құзреттілік, қарым-қатынас шарттарының, шет тілдік сөйленісте ана тілі мен шетел тілінің айырмашылықтарын ажырата білу қабілеттерінен тілдік құралдарды тілдесудегі қызметінің бір түрін екінші түріне, сондай-ақ белгілі бір жағдаяттан, екінші жағдаятқа саналы және автоматты түрде көшіре білуден тұратын құрылыс тетіктерін және айтылыстың қайта сөйленімдерін меңгертуін бейнелейді. Қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру қарым-қатынас аясын кеңейтуге және тілдесу қарым-қатынасы бойынша серіктесімен бірге ыңғайлы іс-әрекетке дайындыққа жетелейтін қоғам үшін, сонымен қатар міндетті орындауға қатысушылар үшін өзекті болып саналатын ана тілін меңгертудегі шешуші құрал болып табылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Кәсіби-шеттілдік даярлауда шетел тілі мұғалімінің мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілігін дамыту. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1552
