XV-XVIII ғасырлар жыраулық поэзиясындағы меритократия хақында
Кілт сөздер:
меритократия, әскери демократия, эпикалық стиль, мәтінді құрылымдық-семантикалық ұйымдастыру, жанрлық репертуар, поэтикалық жүйе, түр-стилдік компоненттер, салтты-лирикалық поэзия, қаһармандық эпос.Аңдатпа
Бұл мақалада меритократия мәселесі – XV-XVIII ғасырлар бойы поэзиясы басым орынға ие болған қаһарман жыраулардың эпикалық стилінің жетекші ұстанымдары туралы сөз болады. Меритократия – біліктілер мен білушілер билігі. Бұл билік, мақала иелерінің ойынша, сонау ерте заманғы білім бұлағы, шаманизмге барып тіреледі. Ол өз қасиетін эпикалық стильдің биік сипатынан, сиқыры бар семантика мен символикадан, мәтіннің түр-стильдік ерекшеліктерінен, құрылымы мен композициясынан табады. Сондай-ақ күн-сәулелік әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің «түптүріне» келіп тоқталады. Сол себепті де зерттеушімен қатар аудармашыдан да XV-XVIII ғасырлар жырауларының поэтикалық мәтініндегі құрылымдық-семантикалық табиғатына ерекше назар аударуды талап етеді. Меритократия ұстанымы жыраудың поэтикалық тіліне ерекше «салмақтылық» және философиялық тереңдік береді, оның маңғазды да айбынды шығармашылық мәнерін қалыптастырады, жанрлық репертуарын «реттейді», бұл болса іс жүзінде мінсіз көрнекілеу-көркемдегіш амалдар жүйесін, тіпті тұтастай алғанда – өзінің барлық нышаны бойынша өзге түркі ауызша дәстүр иелерінен толықтай бөлектеніп тұратын – бүкіл поэтикалық жүйені құрады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
XV-XVIII ғасырлар жыраулық поэзиясындағы меритократия хақында. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1557








