Подкаст – тілді меңгертудегі заманауи технология
Кілт сөздер:
кәсіби бағдарлы қазақ тілі, подкаст, тыңдалым мен айтылым шеберлігі, тілдік білімді жетілдіру, оқытудың жаңа парадигмасы.Аңдатпа
Мақала қазіргі замандағы білім беру жүйесіндегі заманауи технологиялардың бірі – подкаст туралы. Автор бұл технологияның шетел тілін оқытудағы қолданылу алгоритмін көрсете отырып, қазақ тілін оқытуда да пайдалануға болатынын және пайдаланылып жүргеніне тоқталады. Танымал сервер YouTube‑ке кіріп подкаст құру, оны талдау, түсініктеме жасау және т.б. әрекеттер сөйлеу тілінің айтылым мен тыңдалым шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік беретіндігі сөз етіледі. Кәсіби бағдарлы қазақ тілін оқытуда сөйлеу әрекетінің түрлерін подкаст қызметі арқылы жетілдіру – оқытудың жаңа парадигмасын іздестірудің жолы деген тұжырым жасайды.
Шетел тілін оқытуда 3 кезең, 11 қадамнан тұратын подкастың сөйлеу әрекетін жетілдірудегі рөліне тоқталып, кәсіби бағдарлы қазақ тілін оқытуда қолдануға әбден лайық екендігі, аудиториялық сабақтағы уақытты үнемдеуге, студенттердің қызығушылығын арттыруға, тілді меңгертудің жеке траекториясы бойынша өзіндік жұмыстарды жасау шеберлігі мен дағдысын жетілдіруге, сөйтіп әдістемелік әлеуетті кеңейтуге мүмкіндігі мол екені баяндалады.
