Шәкәрім өлеңдеріндегі метафораларды танымдық тұрғыда талдау
Кілт сөздер:
тіл, таным, өлең мәтіндері, метафора, когнитивті метафора, фрейм, тұжырым (концепт).Аңдатпа
Бұл мақалада Ш.Құдайбердіұлы өлең мәтіндеріндегі когнитивті метафораларға талдау жасалған. Шәкәрім өлеңдеріндегі метафоралар ақынның дүниеге деген көзқарасын, когнитивті танымын, рухани дүниесі мен мәдениетінен хабар бере отырып, әлем, дүние туралы түсініктерінің ескі элементтерін жаңғыртуға жәрдемдеседі, ғаламның біртұтас тілдік келбетін жасауға қатысады. Шәкәрім шығармаларындағы метафоралардың, олардың жұмсалуы, қызметі, танымдық негізі, семантикалық сипаты мен құрылымдық-мағыналық түрлерінің функционалды тұрғыдан зерттелуінің тілтаным үшін маңызды. Шәкәрімнің өзіне ғана тән ізденістері суреткер тіліндегі метафоралар әлемі мен поэзиясының тілі арқылы көрінетін дүниетанымын айшықтады. Шәкәрімнің өлең мәтіндеріндегі метафораларды танымдық тұрғыда талдаудың негізінде олардың табиғатымен танысуға болады. Метафоралық тіркестердің құрылымдық-семантикалық сараптамасы денотаттарды зерттеу шеңберінде жүргізілді және тақырыптық топтарға байланысты сарапталды. Мақалада ақын өлеңдерінің негізінде өмір, дүние концептісіне байланысты метафоралар топтастырылып, соларға танымдық талдау жүргізілді. Шәкәрімнің өлең мәтіндеріндегі метафоралар концептілік жүйе құрып, дүние құндылықтарын көркем тұрғыдан тануға қызмет еткен. Жазушының білім деңгейі, дүниетанымы, сонымен бірге ұлттық болмысы мен ділі метафоралар арқылы ашылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Шәкәрім өлеңдеріндегі метафораларды танымдық тұрғыда талдау. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1585
