Мәдениаралық қатысымның тілдік ерекшелігі

Авторлар

  • D. T. Shakirova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

қатысым, мәдениет, мәдениаралық қатысым, этноцентризм, вербалды және бейвербалды қатысым.

Аңдатпа

Мақала мәдениаралық қатысым, оның өзіне тән ерекшеліктері, қазіргі таңдағы мәдениаралық қатысымның өзекті тұстары мен келешегі мәселелеріне арналады. ХХ ғасырдың соңғы жылдары дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – тіл – мәдениет» және «адам – тіл – ойлау» үштігіне сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің жаңа бағыттарына жол ашылғаны белгілі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі ғылыми еңбектерде, мақалаларда жиі көтерілуде. Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Сондай бір жаңа бағыттың бірі – мәдениаралық қатысым мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Біз осы мақалада мәдениаралық қатысымның кейбір ерекше қырларын ашуға, өзекті мәселелерге жауап беруге барынша тырыстық.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары