Жоғары оқу орындарында шет тілін оқытудың қазіргі әдістері
Кілт сөздер:
лингвистикалық құзыреттілік, шет тілі, инновациялық технологиялар, оқыту мәселесі әдісі.Аңдатпа
Бұл мақалада заманауи инновациялық технологияларды қолдану арқылы, нақтылай айтқанда мәселелік оқыту әдісін пайдалана отырып, студенттердің ағылшын тілі сабақтарында лингвистикалық компетенцияны қалыптастыруы қарастырады. Мәселелік оқытудың негізгі түсінігі оқытушының оқыту мақсатында құрған «мәселелік жағдай» болып табылады. «Мәселелік жағдай» ізденісті, қарастырылуды, кеңейтуді қажет ететін күрделі теоретикалық немесе практикалық сұрақты қамтиды. Бұл әдіс шет тілін үйрену және жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін көмектеседі, студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыту процесін жақсартады, сонымен қатар оқытушының мен студенттердің шығармашылық ынтымақтастығына мүмкіндіктер ашады. Мақалада мәселелік оқыту әдісінің негізгі формалары, оның ерекшелігі мен деңгейлері баяндалған. Сондай-ақ, инновациялық оқыту технологияларын пайдалана отырып сабақтың түрлі мысалдар берілген. Біз қазіргі кезде мәселелік оқыту әдісі шет тілін оқытудың ең өнімді және тиісті әдістерінің бірі болып табылады деген қорытындығына келдік.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Жоғары оқу орындарында шет тілін оқытудың қазіргі әдістері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1594








