Студенттерді жүйелі сөйлеу дағдысына үйрету
Кілт сөздер:
мәтіннің байланысы, қайталау, қайталау түрлері, мәтіндегі қайталаудың рөлі.Аңдатпа
Бұл әдістемелік сипаттағы мақала қайталауды мәтіндегі әр түрлі стильдердің байланыстырушы әдісі ретінде қарастырып, зерттеу нәтижесінде жазылған. Мақала оның негізгі ойды жеткізудегі басты рөлі жөніндегі мәселеге арналған. Қайталау әдісін оқырман назарын аудару мақсатында көркем сөз тәсілі ретінде пайдалану. Сөйлеу қызметінің негізгі аспектілерін қарастыру барысында қайталаудың әр түрлі мәтінде пайдаланылуы сарапталады. Сонымен қатар қайталаудың атқаратын: ақпарат беру кезінде бірізділікке түсіру, көркемдендіру, айқындау, әрекеттің монотондылығы мен бір бейнелілігін беру, үдей түсу, әрекеттің қайталануы мен ұзақтығының көрініс табуы, айтылған ойдың бірінен екіншісіне өту барысында үздіксіз ойдың бір қалыптылығын сақтау, эмоциялық ауыз-екі сөйлеу тілін стильдендіру сынды бірнеше қызметтері де қарастырылады. Студенттер мәтінде қайталауға жол беруге бола ма және сөйлем ішіндегі сөздің қайталану мүмкіндігі қаншалықты? – деген сынды сұрақтарға жауап іздеуде. Олар өз жауаптарын оқу-ғылыми, жеке-ғылыми және ғылыми-танымдық мәтіндерді өз беттерінше сараптау арқылы негіздеуге тырысады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Студенттерді жүйелі сөйлеу дағдысына үйрету. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1603
