Географиялық атауларды қамтитын қазақ және ағылшын фразеологияларының сипаттамасы
Кілт сөздер:
лингвистика, фразеология, фразеологизмдердің шығу тегі, зерттеу аспектісі.Аңдатпа
Берілген мақаланың мақсаты қазақ және ағылшын тілдерінде кез¬десетін географиялық атауларды білдіретін фразеологиялық бірлік¬ тердің лингвомәдениеттік сипаттамасын беру. Бұл разеологиялық зерттеу аспектісі елдің мәдениетін, тарихын және халықтың өмір танымы мен салтын түсінуге мүмкіндік береді, сол себептен, оның оқыту барысында маңызы өте зор. Екі тілде де, фразеологизмнің бұл түрі көбінесе көркем әдебиеттен алынған. Бұл мақалада кейбір қала, ауыл, су, тау және т.б. атауларын білді¬ ретін қазақ және ағылшын фразеологизмдердің шығу тегі туралы ақпарат беріледі. Қала мен елді мекендердің пайда болған кезінен бастап, адам өмірінде маңызды саяси-экономикалық рөл атқарғанымен қоса, мәдени және зайырлы өмір орталығына айналғаны туралы көпшеге мәлім. Қарастырылған фразеологизмдерде географиялық атаулармен байланысты елеулі, ал кей-кезде күлкілі оқиғалар туралы дерек беріледі. Ағылшын тілін шет тілі ретінде үйренушілерге бұл топ сөздер қиындық туғызуы мүмкін, алайда, фразеологизмдердің мағынасын түсіну ағылшын тілін жетік білуге көмегін тигізе алады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Географиялық атауларды қамтитын қазақ және ағылшын фразеологияларының сипаттамасы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1613








