Сөз бостандығы және пікір алуандығы жағдайында Мамед Аслан шығармашылығындағы суфизм тақырыбы

Авторлар

  • С. С. Байрамов университет Кавказ

Кілт сөздер:

сопылық, Мамед Аслан, түркі-ислам әлемі, пікір ал¬ уандығы, жаһандану.

Аңдатпа

Мақалада Кеңес дәуірінен кейінгі уақытта қалыптасқан соны да тың қоғамдық қатынастарға орай өмірге келген азербайжан әде¬ биетіндегі , жекелей алғанда, мамед Аслан шығармаларындағы жа¬ ңашыл бағыттар туралы әңгімеленеді. Мақаланың ерекшелігі сонда: түркі-ислам әлемінде талқыланып жатқан қоғамдық өзекті мәселе¬ лерге байланысты біз ұсынған тұжырымдар батыстың қоғамдық са¬ лаларындағы мүдделерге де сай келеді. Басқа сөзбен айтқанда, ма¬ қаланың бүкіл әлемдік сипаты және маңызы бар. Мақаланың басты өзегі қазіргі дәуірде түркі-ислам әлемін біріктіру және дамыту үшін, тіпті дүниежүзілік қоғамдастыққа үлес қосу үшін исламды қалай үгіт¬ теп-насихаттау қажеттігін үйрететін суфизм ілімі болып табылады. Автор қиын қиын мәселелер қаншалықты көп, қаншалықты күрделі болғанымен, олардың шешімін табатын әдістер мен тәсілдер де бар деп ескертеді. Мұндай ірі мәселелерді шешу үшін тарихи дереккөз¬ дері игеру пайдалы. Мысалға орта ғасырларда әскери-саяси және моральдық-адамгершілік жағынан аса қуатты мемлекет құруға септі¬ гін тигізген институттардың құндылықтары қазірге дейін мән-маңы¬ зын жойған жоқ

Жүктеулер