Оғыз эпосының жанрлық құрамы және жазу дәстүрі
Кілт сөздер:
түрік, оғыз, эпос, жанр, дәстүр, бітіг, наме, кітап.Аңдатпа
Түркі халықтарыныңы бір өкілі болып табылатын оғыздар көне және ежелгі орта ғасырда үлкен мәдениет қалыптастырды. Біздің дәуірімзге дейінгі бірінші мыңжылдықта оғыздардың ауызекі дәстүрінде эпикалық үлгілер болған деген болжам айтылуда. Ауызекі дәстүрде қалыптасқан бұл үлгілер жазбаша дәстүрге көшіп, VI-XVI ғасырлардағы түрлі жазба ескерткіштерде көрініс тапты. Оғыздардың ауызша шығармашылығы орхон-енисей руникалық ескерткіштерінде өз іздерін қалдырған. Оғыз эпосы «сойлама», «бойлама» сынды лирикалық үлгілерді, «отюк», «бой» сынды эпикалық үлгілерді, «аталар созу» (мақалдар), «алкышы» (алғыс), «гаргышы» (қарғыс), «ойгулер» (мадақтама) сынды үлгілерді өз бойында сақтаған. Оғыз эпосының үлгілері біздің заманымызға дейін «битиг» руникалық жазба ескерткіштерінде, араб ескерткіштері «наме» мен «китабта» сақталып жеткен. Бұл мақалада оғыз эпосының жанрлық құрамы және оның жазба дәстүрмен байланысы зерттеледі.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Оғыз эпосының жанрлық құрамы және жазу дәстүрі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1627








