Ғаламтор сайттарындағы визуальды бейнелер

Авторлар

  • Б. K. Сердали Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

ғаламтор, баспасөз қызметі, сайт, иллюстрация, PR.

Аңдатпа

Мақалада ғаламтор сайттарындағы визуальды материалдардың PR жұмысына тигізер ықпалы, жарнамалық мүмкіндігі, сайт қолда¬ нушыларға үлгі болар артықшылықтары, мекеме имиджін қалыптас¬ тырудағы әдіснамалық негізі сөз болады. Әсіресе, сайттардың бас¬ ты беттегі мәзірлерін безендірудегі ерекшеліктер, оның тұтынушы психологиясына әсер етер жағымды тұстары, сайт ақпаратын әзір¬ леу әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Иллюстрациялық материалдарды талапқа сай берумен қатар виртуальды кеңістіктің көшбасшыларымен жұмыс істеу тәжірибесі де сараланып, баспасөз қызметінің құрамды бір бөлігі ретінде талданады. Баспасөз қызме¬ тіне виртуальды бірлестіктермен, одақтармен, қауымдастықтармен тұрақты мориторинг өткізіп отыру тәжірибесі ұсынылады. Қазіргі ақпараттық технологияны дамыту векторын жарнамада пайдалану мүмкіндігі ажыратылып, экстремальды жағдайларға байланысты нақ¬ ты ұсыныстар келтіріледі. Ақпаратты орналастыру тәжірибесі меке¬ менің жеке мүддесі тұрғысынан талданып, оның қоғамдағы орны ай¬ қындалады.

Жүктеулер