Сленг қазақ және ағылшын жастарының дискурсында коммуникативтік стилдің айқындаушы белгісі ретінде

Авторлар

  • Zh. Е. Bekzhanova Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Кілт сөздер:

жастар дискурсы, сленг, дискурс-анализ, қазақ жастар дискурсы, ағылшын жастар дискурсы, сленг тілі, жастар ком¬ мункиативтік стилі.

Аңдатпа

Мақалада жастар дискурсындағы ерекше коммуникативтік сти¬ лінің бар екендігі дәлелденеді. Дәлелдің бір көзге түсер айғағы – сленгтің қолданысы – ағылшын және қазақ жастарының әңгімелері негізінде қарастырылады. Бұл жұмыста сленг кең ауқымда, «сленг тілі» (Slanguage) терминін қамтитын лексикалық бірліктер бойынша зерделенеді. Жастар әңгімелерінің жазбаларын дискурстық талдау нәтижесінде ағылшын және қазақ жастарының сленгті қодану жиілі¬ гі анықталған, олардың жас топтарына және жынысқа байланысты ауытқулары салғастырылған. Осылайша, зерттеулер нәтижесінде ағылшын тілді дискурста сленгтің көпшілігі зат есімдер сын есімдер мен етістіктерге қарағанда, жиірек кездеседі. Қазақ тілінде сленг¬ тің көпшілігі етістіктерге жатады, одан кейін – зат есімдер, ал кемі¬ рек кездесетін – сын есім. Қазақ жастар дискурсында балағат сөздер бозбалалар мен жігіттердің күнделікті тілінде жиі кездессе, қыз ба¬ лалар мен бойжеткендердің дискурсында әлдеқайда сирек байқала¬ ды. Ағылшын тілді дискурста бұл көрсеткіш бойжеткендер мен жігіт¬ тердің жас тобына байланысты әртүрлі болып келеді.

Жүктеулер