Қазақ биінің болашақ хореограф педагогын дайындаудың кейбір аспектілер
Кілт сөздер:
білім, би қимылдары, педагогика, оқыту әдістеме¬ сі, дүниетаным, теориялық білім.Аңдатпа
Мақалада «Қазақ биі» пәні педагог-хореографын дайындаудың кейбір аспектілері қарастырылады. Ұлттық би сабақтарын оқыту¬ дың дәстүрлі формаларының жетпей жатқан әдістері проблемалары қозғалды. Қазақ биінің «сыйлық» қалпы мен «айналма» қол қозғалы¬ сын мысалға ала отырып би лексикасының семантикасы ашылады, ежелгі көшпенділердің ұлттық би тілімен берілген философиялық ой жүйесінің, дүниетанымының бейнеленуі суреті беріледі. Мақалада қарастырылған кейбір аспектілерге келтірілген мысалдар қазақ биін үйретуші педагогтардың сыйымды, толыққанды және табысты оқы¬ ту жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақ биі бойынша педагог-хореографты қалыптастыруға елеулі әсер етуге арналған не¬ гіз ретінде қолданылатын, студенттің психологиялық-педагогикалық, әдіснамалық білігін дамытуға және дүниетанымын кеңейтуге әсер ететін би қимылдарының туындауы туралы теориялық білім жүйесін жасаудың өзектілігі кеңінен ашылған. Осы мақалада қарастырылған мәселелер би мұрасының сақталуы мен насихатталуына, жеке тұлға¬ ны рухани-адамгершілік және эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге, сондай-ақ қазақ биін оқыту үдерісіне жаңартпашылық әдістерді ен¬ гізуге бағытталаған.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақ биінің болашақ хореограф педагогын дайындаудың кейбір аспектілер. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1644
