Отарлаудан кейінгі британ әдебиетінің жолы мен тағдыры
Кілт сөздер:
мультимәдениет, әдебиет, дискурс, отарлаудан ке йін, мәдениет.Аңдатпа
Аталмыш мақала отарлаудан кейінгі әдебиетті ХХ ғасырдың екін¬ ші жартысы мен ХХI ғасырдың басында пайда болған феномен ретінде қарастырады. Материал Ұлыбритания әдебиетінің қазіргі жағдайына бағытталғандықтан британдық отарлаудан кейінгі әдебиет постмодер¬ низмнің дискурсы аспектінде қарастырылады. Мақалада дүниежүзілік мәдени парадигманың ауысуы, қоғамды толығымен жайлаған мигра¬ циялық үдерістер, ділдің араласуы, семиотикалық жүйелер маңызды фактор ретінде алынған. В.Найпол, К.Исигуро, Т.Мо, С.Рушди сияқты жазушы-мигранттар бөлінбес құрамдас бөлігі болып табылатын жа¬ ңа британдық әдебиет кішігірім мәдени құбылыс болды. Т. Мо және К. Исигуро және басқалары біріншіден, әдебиеттің жаңа сапасы бол¬ са, екіншіден, жазушылардың көркемдік тудырушы жаңа типі болды. Біз отарлаудан кейінгі әдебиет өзінің бірігейлігімен, шынайылығымен, сондай-ақ, шығыс пен батыс мәдениетінің араласуына қарамастан жалпы британ әдебиетінен бөлек қарастырылмайды деп есептейміз. Көркемдеуіш құралдардың, поэтикалық жүйе, көркемдік тәсілдер формасының екіге жарылуы пайда болды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Отарлаудан кейінгі британ әдебиетінің жолы мен тағдыры. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1645
