Дж. Ф. Купердің «Могиканның соңғы тұяғы немесе 1757 жыл туралы» романы құрылымындағы мифологемалардың қызметі
Кілт сөздер:
миф, парадигма, тотемдік салт, рәміз, маркер, қыз¬ мет, тұжырымдалма.Аңдатпа
«Могиканның соңғы тұяғы немесе 1757 жыл туралы» романының мифопоэтикасы жүйелі сипатқа ие және Солтүстік Америка үндісте рінің, соның ішінде делаварлар мен гурондардың, рухани мәдениетін идеология тұрғысында тұжырымдау автордың ойлап тапқан страте гиясы болып табылады. Сонымен қатар, ХVІІІ ғ. Франция мен Англия арасындағы саяси және әскери тартыс аясында оны түсіндіру, жергілік ті тайпаларды «өзіміздікілер және бөгделер» деп бөлу қарастырылады. Романның мифопоэтикасы және оның маңызды белгілері басты зертте летін мақсат. Сондай-ақ, ұлы жазушыға өзіміздің алғысымызды білді руіміз керек, себебі ол үндістердің мифтерін, олардың психологиясын және мәдениетін, наным-сенімдерін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып тарын және әскери күшін болашақ ұрпаққа анық жеткізді. Романның құрылым-семантикалық талдауы тольтек, майя және ацтек тайпалары ның кезеңіне жататын үндістердің негізгі табыну денелерін анықтауға, сонымен қатар жергілікті тотемдік табынушылық және оларды абори гендердің, Солтүстік Америка халқының, рухани әлемінің құрылымы ның анықтау мақсатына қарама-қарсы қоюға мүмкіндік береді. Қазіргі зерттеулердің көрсетуі бойынша, бұл тұрғыда құрылыс-семантикалық талдау үшін Дж.Ф.Купердің туындысы үлкен маңызға ие.
