Түр-түс атауларының мәдениаралық қатынастағы семантикасы мен символикасы
Кілт сөздер:
мәдениаралық қатынас, түс атаулары, мәдени семантика, мәдени символдар.Аңдатпа
Мақала әртүрлі лингвомәдениеттегі ұлттық дүниетанымның бір маңызды элементі болып табылатын түр-түс атауларының феноменін сипаттауға арналған. Қазақ және орыс мәдениеттеріндегі түр-түс атауларының символикасын салғастырмалы бейнелеу негізінде сол халықтардың тарихы, өмірлік философиясы және менталитетімен негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтар талқыланады. Автор мәдени символдар болып табылатын дәстүрлі тілдік формулалар мен тіркестердің интерпретациясын келтіреді. Дәл осындай сипаттау түр-түс атауларының мәдени семантикасын тек қана әлеуметтіктарихи деректермен ғана сәйкестендірумен шектемей, сонымен қатар, субъективті-психологиялық және эмоционалды факторлармен шартталған түр-түс концептісінің бейнелі-ассоциативті байланыстарын орнатады. Мақалада ұлтаралық қатынастағы этномәдени стереотиптердің айырмашылықтарына аса назар аударылады, себебі осы үрдістің нәтижесінде ұлттық болмыс ерекшеліктері мен мәдениаралық диалогтың қатысушыларының белгілі бір этнос өкіліне жатуы айқын көрініс табады. Осыған байланысты мақалада тәржімалық үрдісте кездесетін трансформацияларды сипаттайтын мәнмәтіндер алынып талданады.








