Антропоцентризм – қазіргі лингвистикалық парадигманың жаңа бағыттарының бірі

Авторлар

  • Н. Ж. Егизбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ж. Д. Есимова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Р. M. Бекишева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

антропоцентристік бағыт, тіл білімі, ұлттық құнды¬ лықтар, рухани болмыс, әлемдік жаһандану үдерісі.

Аңдатпа

Мақалада антропоцентризм бағыты, оның ғылым салаларында, әсіресе лингвистика ғылымында қолданылу мәселесі қарастырылып, тілді адам болмысымен өзара бірлікте қарастырудағы ғалымдардың пікірлері мен ұстанымдары туралы сөз болады. Антропоцентристік ғылыми бағытта адам және оған қатысты мәселелер, яғни қоғам, та­ биғат, мәдениет, таным өзара сабақтастықта қарастырылады. Қазіргі тіл білімінің теориялық-танымдық зерттеу парадигмасының бағытын тілдік жүйенің дәстүрлі зерттеулерімен сабақтастырып, уақыт сұра­ нысына сай антропоцентристік бағыттағы күрделі де кешенді зертеу­ лерді жүргізу бүгінгі күннің басты талабы екендігі баса көрсетіледі. Сонымен қатар, мақалада адами факторлар мен ұлттық құндылық­ тарға ерекше мән беріліп, қазақ халқының өзіне тән табиғатын, та­ ным-түсінігін, бүкіл мәдени болмысын танытатын этномәдени және этнотанымдық бірліктер туралы мәліметтер беріледі.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары