Генеративтік лингвистиканың прагматикалық жолы
Кілт сөздер:
құрылымдық әдіс, генеративтік лингвистика, алгоритмделген синтаксис, трансформациялық талдау, сөйлемнің біріздендірілген құрылымы.Аңдатпа
Аннотация жазылып отырған бұл жұмыста жаңа грамматиканы оқытуда бірегей грамматикалық жүйе құру мүмкіндігі қарас тырылады. Генеративтік лингвистиканың прагматикалық жолы орыс тіліндегі сөйлемдердің біріздендіріліген моделін қолдана-тын тіл меңгеру әдісі болып табылады. Мақалада сөйлемдерді модельдеу алгоритмінің екі деңгейі қарастырылады. Олар Н. Хомский және Л. Теньер теорияларына негізделген сыртқы және ішкі деңгейлер. Сырт-қы деңгейге Н. Хомский теориясы бойынша жасалған терең құрылым мен үстірт құры-лымға дейінгі сөйлемнің біріздендірілген құрылымы жатады. Ал ішкі деңгейге Л. Тень-ер ұсынған сөйлемнің біріздендірілген құрылымының мазмұны ретіндегі модельді құрастырушы элементтердің бір-бірімен арақатынасы жатқызылады. Н. Хомский мен Л. Теньердің теориялары бүкіл модельдерді құрастырушылардың бір-бірімен байланыс-уын анықтап, осы модельдердегі компененттердің арасындағы қатынас иерархиясын көрсете алды. Зерттеу жұмысында инофондарға авторлық алгоритмделген синтаксис теориясы көмегімен тіл үйрету тәсілі көрсетіледі.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Генеративтік лингвистиканың прагматикалық жолы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 158(6). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1680
