И.П. Шухов шығармашылығындағы трилогияның ерекшелігі

Авторлар

  • Ж. Х. Салханова Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Кілт сөздер:

трилогия, өмірбаяндық, бейнелер, сарын, поэтика

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы орыс әдебиетінің өкілі И.П.Шуховтың шығармашылығындағы трилогияның ерекшелігі қарастырылады. Ав­ тор Шухов шығармаларының өмірбаяндығын, «Пресновские страни­ цы» трилогиясы жанрын құрайтын белгілерді айқындайды. Талдау барысында өткен оқиғаларды жаңаша пайымдауға мүмкіндік беретін, уақыт байланысын көрсететін өмірбаяндық шығармалар үшін дәстүр­ лі композициялық тәсіл трилогияның негізін құрайтындығы туралы тезис дәлелденеді. Мақалада шығарманың балалық шақ, ошақ қасы, ұшқан ұя сияқты негізгі сарындары айқындалады. Автор туған өлке­ ге, солтүстік Қазақстанның кең байтақ жеріне деген сүйіспеншілік трилогияның басты өзегі болып өтетінін айтады. Бейнелер жүйесін талдай отырып, мақаланың авторы казактармен тату тұрып жатқан қарапайым қазақтардың, көшпенділердің бейнесіне ерекше көңіл бөледі. Жазушы жаңа ұлттық бейнелерді өзге ұлттың мәдениетіне үлкен құрмет, сыйластық сезімін білдіре отырып, шынайы, айқын си­ паттайды. Мақалада жазушының өмірбаяндық трилогия кейіпкерлері мінездеріндегі басым ерекшеліктерді көрсете отырып, шынайылыққа жете білгендігі айтылады. Аңыздаушы Шухов үшін ұрпақтан ұрпаққа берілетін адами, отбасылық құндылықтарды, кейіпкерлердің рухани байлығын көрсету аса маңызды.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары