Жыраулардың шығармашылық өнеріндегі жаршы сөздер
Кілт сөздер:
эпос, автопоэз, фрактал, мелос, этос, гипербола, метафора, концепт.Аңдатпа
Қазақ-ноғайлық жыраулық поэзия тарихи және ментальды келісіл ген бірыңғай тұтас характерге ие, оның түп тамырлары дәстүрлі мелос пен этосқа дейін барып, ежелгі жартылай көшпелі қоғамдағы номад-әс керлерінің салт жоралары мен ғұрыптары, олардың әскери дәстүрле рі, ұстанымдары, қарым-қатыныстары, сондай-ақ сакральды сенімдері мен түсініктері және вербальды магиямен де тығыз байланыста болады. Осындай тұтастықтан тыс қазақ поэзиясының ерекшелігін тану мүмкін емес, яғни бұл поэзия белгілі қалыпқа түскен, қағидаға айналған форма ларының тұтақтылығы, символдар мен метафораларының стереотипті лігі, маркерлер, концептілер, фетешия, уран, тотем, матасемантикалық мағынасы бар лексикасының және этнонимдер мен антропонимдер, реалия, этнографиялық және мифологиялық мағынасы бар термин дердің тарихи семантикасымен қаныққан болып есептеледі. Жыраулық поэзияны талдау барысында тек тарихи фон мәселесін ғана емес, соны мен қатар көп ғасырлық тарихы мен өзіндік канондық ұстанымдары бар түрік тарихи эпостар дәстүрімен тығыз байланысын қарастыру керек. Түрік тарихи эпостарының заңдылықтары мен қатынастары қазақ жы раулық поэзиясының құрылымына тереңнен бойлап оның құрылысын, лексикасы мен стилистикасының функционалдылығын анықтайды. Осы орайда жыраулар поэзиясында көрініс табатын қазақ өлеңінің дәстүрлі аллитерация, ырғақ ерекшелігін ескеру тиіс.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Жыраулардың шығармашылық өнеріндегі жаршы сөздер. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 158(6). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1696








