Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ романы
Кілт сөздер:
тәуелсіздік жылдары, идеялық-мазмұндық ізденіс¬ тер, қазақ романы, ел тарихы, тарихи романдар, тарихилық.Аңдатпа
Мақалада ел тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі уақытта жазыл ған романдар тақырыптық жағынан топтастырылып, жаңа дәуірдегі жаңа романдардың идеялық, мазмұндық ізденістері негізгі зерттеу нысанында қарастырылады. Сондай-ақ, романның кең тараған та қырыптары мен сабақтас тақырыптар өзара салыстырыла отырып, нақтылы романдар төңірегінде талданады. Тарихи тақырыптағы ро мандарға кеңінен тоқталып өтеді. Қазақ романдары ішінен тари хи романдардың І. Есенберлин бастаған көшінен бергі кезеңдерде сан жағынан да, сапа жағынан да озық тұруы ХХ ғасырдың соңғы ширегі десек, бұл тәуелсіздік алған алғашқы он жылдыққа да тән. Сондықтан да, мақалада тарихи романдар өрісі, ұлттық, тәуелсіздік идеясын жалаулатуға үлесі, өзге де тарихи тақырыпқа жақын роман түрлерімен қатар аталады. Тарихилық ұғымының аясында романдар дың сипатын тануға жол ашылады. Жазушы шеберлігі мен шығарма шырайын танытуға аса мән берілген. Романдардағы тұлғалар өмірі, төңкеріс, аштық, соғыс, 86-дағы Желтоқсан тақырыптарының идея лық-мазмұндық ізденістері, көркемдік шешімдері талданады.Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ романы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1705
