Д. Лондон және қазақ жазушылары шығармашылығындағы «қасқыр» концептісі

Авторлар

  • Г. З. Бектурганова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Г. Б. Айнабекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

қасқыр, образ, психология, символ, метафора, фи¬ лософия, табиғат.

Аңдатпа

Джек Лондон шығармашылығындағы көп аспектілі әрі күрделі туындыларындағы американ және қазақ әдебиеттануына ортақ мә­ селе – адамзат пен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, дамуы. Бұл – жазушы еңбектерінің ең өзектісі әрі көпаспектілі көркемдік әлемі. Мақалада Дж. Лондонның «Ақ азу» және М. Әуезовтің «Көксерек» шығармаларының идеялық-көркемдік үндестігіне назар аударылады. Эпикалық, метафоралық, символикалық, мифологиялық реңкі ашы­ лады және драмалық синтезі, лирикалық әрі философиялық компо­ ненттері көрсетіледі. Шығармаларда махаббат мен мейірім құдіре­ тіне, бастапқы инстинкті игере білу қасиетіне және өмірдің әуелгі бастамасының анықтамаларына маңыз беріледі.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары