Қазақстандағы орыс әдебиетіндегі ұлттық бейнелер

Авторлар

  • B. Joldasbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Zh. Bayanbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

орыс әдебиеті, ұлттық бейне, символика.

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада көшпелі қазақ елінің тұрмыс тір­ шілігін, өмірі және де жаңа дәуірдің жаңашылдығына деген көзқа­ растары жөнінде қазақ болмысын терең түсіне білетін, АнненковаВернар, А. Сорокин, М. Пришвин, Вс. Иванов сынды Қазақстандағы орыс жазушыларының шығармалары жайында сөз етіледі. Мұнда қа­ ламгерлердің өзіндік әдіс-тәсілдері қарастырылып, туындыда көрі­ ніс тапқан қоғамдық өзгерістердің дала тұрғындарына тигізген әсері мен адам болмысын сан қырынан ашып көрсетуге тырысқан жазушы­ лар шеберлігі де назардан тыс қалмаған. М.М. Бахтин өзінің «Эстети­ ке словесного творчества» атты еңбегінде кез келген халықтың әдеби процесіндегі өзге ұлт жазушысының орнын айқын белгілеп кеткен. Ол өзге ұлттың мәдениетін терең ұғына білу үшін өз мәдениетің­ ді ұмытып, сол ортаға орын теуіп, сол мәдениет иесінің назарымен әлемді тануың тиіс деген болатын. Міне, мақалада осы ұстанымды өздерінің басты бағыты еткен қаламгерлердің туындылары негізге алынып, талданып отыр.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары