Аудармашылық түсіндірудегі көркем образдарының мәдени символикасы

Авторлар

  • Zh. K. Kiynova

Кілт сөздер:

мәдени символика, көркем аударма, көркем образ, аудармашылық түсіндіру, тарихи- мәдени ақпарат.

Аңдатпа

Мақалада түпнұсқа және аударма мәтіндердегі көркем образдарының мәдени символикасы сипатталады, сонымен қатар оларды салыстыру негізінде ұлттық- мәдени
символиканы аудармашылық түсіндіру мысалдары ашылып көрсетіледі. Орыс және
қазақ жазушыларының классикалық және заманауи шығармаларының аударма үлгісінде мәдени- тарихи ақпараттың аудармашылық түсіндірілуі сипатталады. Осындай ақпаратты сақтау мақсаты лексикалық құралдардың күрделі ассоциативті- мағыналы ізденісті, лексикалық модуляция мен тарихи- мәдени талқылауды талап етеді. Мақалада ұлттық- мәдени ойлау дәстүрін ашып көрсететін түс символикасына аса назар аударылады. Контексттік қолдануда әртүрлі коннотацияға ие болған ақ (белый) және қара (черный) эпитеттерімен қолданылатын тұрақты теңеулер мысалдары талданады. Мәселен, ақ эпитетімен қолданылатын тұрақты тіркестер ізгі бастауларды, салтанатты оқиғаларды, береке мен молшылықтың символы болып табылады. Аударылған мәтіннің әрбір үзіндісін талдау негізінде автор аударма мәтініндегі мәдени ақпараттың мағынсын сақтап, өзге тілге аудару және адекватты түсіндіруге қатысты автор өзінің ойынталқылау арқылы келтіреді.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары