Джон Чивер «Фальконер» романының затты дүниесі
Кілт сөздер:
символ, танымдық әлем, мәтінің аудармаға дейін талдауы, концептосфера, психосфера.Аңдатпа
Мақалада Джон Чивердің «Фальконер» романындағы автордың танымдық әлемі қарастырылады. Американдық символисттің шығармашылығын тереңінен зерттеу, сонымен қатар оның «Фальконер» шығармасын жан-жақты талдау мақаланың басты мақсаты болып табылады. Чивердің шығармалары аңғарымпаздық пен шығармашылық шабыттың күштілігін, бірегейлігін көрсетеді. Оның шығармашылығының басты тақырбы – талап-тілегі қоғамдық тәртіпке жиі қарсы тұратын адамның жалғыздығы. Протестанттық наным-сенімдегі адамдар қауымдастығының өткен күннің еншісінде қалып баратындығын жырлаған Джон Апдайк секілді Чивер безу, қашу, ақырында өз орнына қайта оралу мотивтерін өзінің көркем әлемінің негізі ретінде алады. ‘Falconer’ романы, аудармасы – «Құсбегі», 1977 жылы бестселлерге айналды; мұндай жетістік авторға өзінің бас кейіпкеріне біткендігі сияқты жаңадан қанат бітірді. Романның кейіпкері Иезекиль Фаррагат өз бауырын өлтіргені үшін абақтыға қамалған. Түзету колониясына түскен ол соншалық қатаң, қатал әлемде тірі қалу үшін өзінің бойынан қуат, жігер табуға мәжбүр болды. Чивер азап шегу мен күнәнің өтелуі туралы, жанның қайта тірілуі ғажабына деген сенім туралы, ажалды адамның жаңадан туылуы жайында жазады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Джон Чивер «Фальконер» романының затты дүниесі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1743
