Жарнама мәтініндегі гендерлік аспектінің пайда болуы

Авторлар

  • Zh. S. Abayeva Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

жарнама мәтіні, гендерлі аспект, ер мінезділік, әйел затына тән қасиет, гендерлік стереотип.

Аңдатпа

Мақалада жарнама мәтінінің әртүрлі анықтамасы мен міндеті қарастырылады. Автор гендерлік аспектіге тоқталып өтеді. Зерттеуде жарнама мәтініне гендерлік стереотиптің әсер ететіні анықталады. Басқа жағынан алып қарасақ, жарнама нақты әлеуметтік стереотиптерді қалыптастырады.
Әйел заты жарнама мәтінінің адресатының негізгі бағыты ретінде қарастырылады. Автор жарнамада қолданылатын стилистикалық, лингвистикалық бірліктерді талдайды. Жарнама мәтінінде байқалатындай заманауи шындықтың әсерінен әйел позициясының өзгерістері айтылады. Әйел заты тек қана отбасы ұйытқысы, ана, жар ретінде ғана емес, карьерада жемісті, тәуелсіз, белсенді және іскер болмыс ретінде қабылданады. Ол ХХ ғасыр әйелдерінің ойына да кіріп шықпайтын машиналарды жарнамалайды. Басқа жағынан алып қарайтын болсаң, ер адамның арқасында әйел затында «әдемі болу, жақсы отанасы» стереотипі пайда болады, бұны біз көбінесе опа-далап, тұрмыстық заттарды жарнамаудан байқалады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары