Прецедентті термин және прецедентті есім
Кілт сөздер:
прецедентті термин, ұғым, кенинг, бейонимдену, логоэпистема.Аңдатпа
Ғылыми мақалада жалпы тіл біліміндегі прецедентті мәтін, прецедентті феномен, прецедентті есім мәселелеріне қатысты ұғымдар қарастырылып, ғылыми еңбектерде қарастырылуы сараланады. Бұл ұғымның ғылыми қолданысқа енгізілу уәжі мен ғалымдардың анықтамалары зерделеніп, өз тарапымыздан осы ұғымды қамтитын терминнің анықтамасы мен айналымға енгізілу негіздемесі беріледі. Ресей тіл білімінде прецеденттік ұғымын кешенді әрі жан-жақты зерттеліп, коннотативті немесе интенсионалды қолданыстағы прецедентті есімдерді зерделеген. Қазақ тіл білімінде прецеденттік тілдік бірліктер арнайы кешенді зерттеу нысаны ретінде бірнеше ғана еңбектерде қарастырылған. Әр кезеңнің өзіндік мәдени коды әрі символдық мәнге ие бірліктері болады, осыған байланысты құндылық өзгеруіне қарай символдық мәнге ие прецедент те өзгеріп отырады. Оларды тарих қойнауынан шығарып, зерделеп, әр кезеңнің мәдени символын анықтау барысында прецеденттік ұғымын да ашуға болады. Мәселен, мәдени стереотиптердің өзгеріп, толығып отыруына қарай қазіргі кезде мөлдір махаббат символына Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш Баян сұлу ие, яғни қазіргі кезде қазақ тілінде аталған прецедентті есімдер аталған символдық мағынада жиі қолданылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Прецедентті термин және прецедентті есім. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1752
