Өздік жұмыстарды ұйымдастырудағы инновациялық ізденістер
Кілт сөздер:
өздік жұмыстар, инновациялық жаңа ізденістер, арнаулы зерттеулер, ғылыми ойлардың құндылығы.Аңдатпа
Әсіресе, электикалық курстарды немесе міндетті пәндерден жалпы курстарды оқытуда оларды бірнеше модульге топтастырып беру үрдіске айналып келеді. Бір дәуірге жататын әдеби туындыларды осылай бөлшектеудің барлығын ғылыми жаңалық ретінде қабылдауға болар ма еді? Ойлануға тура келеді. Өйткені бізге жеткен әдеби-тарихи деректер арасында ғылыми мәні жоғары ескерткіштер мен шығармалар соншама көп деп айта алмаймыз... Сондықтанда қолдағының бәрін біржақты қабылдау қаншалықты қиын болса, көбіне осы бағытта жүріп келе жатқанымыз жасырын емес.Ғылым мен техника дамуының жаңа қарқын алған күрделі кезеңінде мән- мағынасы шарттылау, күмәнділау ізденіс атаулының бәрін жаңалық ретінде желпілдетіп қоғамдық санаға ұсына беру дегенің, біздің ойымызша, дұрыс жол емес. Әсіресе, дәл осындай әлі мұқият тексерілмеген жұмыстарды студенттерге өздік жұмыс тақырыптары ретінде ұсынудың қажеті шамалы. Өйткені, біріншіден, олардың уақыттарын аламыз. Өйткені ондай жұмыстар туралы арнайы зерттеулер мүлде аз. Оларды табудың өзі оңай емес. Екіншіден, жәй хабарлау, таныстыру мақсатында жазылған материалдарда сол объектіге қатысты ғылыми мәнді ойлар көп болмасы да анық.
Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Өздік жұмыстарды ұйымдастырудағы инновациялық ізденістер. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1753
