Шет тілін үйрету үдерісіндегі Case study әдісін қолданудың артықшылығы
Кілт сөздер:
Case study, әдіс, оқу, білімгерлер, қоғам, қабілет.Аңдатпа
Мақала шет тілін оқыту үрдісіндегі ең тиімді әдістемелердің бірі-Case study әдісіне арналады. Шет тілін оқытудағы Case study әдісі практикалық және теориялық біліктілікті пайдаланып, шығармашылық қабілетті қолданып, жасанды жолмен ұсынылған жағдаяттардың білімгерлерге өз бетінше шешімін табуды үйрететін әдіс болып табылады. Case study әдісі білімгерлер дайындығын мен өз бетінше жұмысын талап етеді. Аталмыш әдіс білімгерлерге шет тілі сабағынан алған білімді шынайы өмірге икемдеп,шығармашылық жолмен қолдануға мүмкіндік береді. Case study интерактивті әдістер қатарына кіре отырып, білімгерлер жағынан жағымды көзқарасқа ие болып үлгерді. Case study әдісі арқылы білімгерлер шет тілінде пікірталас, диспут, дау, салыстыру, өз ойын айту сияқты қабілеттерді дамытады. Мақалада аталмыш әдістің жағымды жақтарымен қоса, кемшіліктері мен оларды жеңуге бағытталған шаралар да айқындалады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Шет тілін үйрету үдерісіндегі Case study әдісін қолданудың артықшылығы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1754
