Жоғары оқу орнында стилистиканы оқытудағы стилистикалық талдау
Кілт сөздер:
стилистика, стилистикалық талдау, тілдік түрлену, стилистикалық амал, сюжет, функционалды стиль.Аңдатпа
Мақала жоғары тілдік оқу орнында ағылшын стилистикасын оқыту мәселесіне арналады. Аталмыш академиялық пәнді оқудың қажетті шарты теориялық және қолданбалы аспектілерінің ұйлесімі болып табылады. Ғылым ретінде стилистиканың негізгі категориялары мен түсініктерімен студенттерді таныстыратын теориялық материалды меңгерумен қатар білім алушының коммуникативті дағдылары мен біліктілігін қалыптастыратын, олардың танымдық қабілеттерін, іздену қабілеттерін, шығармашылық белсенділігін, логикалық ойлау мен зерттеу әлеуетін дамытатын түпнұсқа мәтінге стилистикалық талдау жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмалардың да рөлі орасан зор.Мақалада мағынасын түсінуге және қандай да бір шығарманы бағалауға, теориялық материалды студенттердің меңгеруін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін, және де алған білімді бақылаудың тиімді формасы ретінде де қолданылатын мәтінді стилистикалық талдаудың негізгі сипаттамасы беріледі.
Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Жоғары оқу орнында стилистиканы оқытудағы стилистикалық талдау. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1763
