Қолданыстағы ағылшын тілінің (English-in-Use) Кембридж тест форматтарына енгізілуі
Кілт сөздер:
Кембридж тіл біліктілігін бағалау орталығы (CELA), тест форматтары, қолданыстағы ағылшын тілі.Аңдатпа
Бұл мақалада Кембридж тіл біліктілігін бағалау орталығы (CELA) тест форматтарының даму тарихы қарастырылады, олардың ішінде тест форматтырының мазмұнына ерекше ықпал жасаған қолданыстағы ағылшын тілінің маңыздылығы аталып көрсетіледі. Автор мақалада тест форматтарының дамуына әсерін тигізген қоғамда орын алған оқиғаларға тоқталып өтеді. CELA орталығы пайдалы тест жасау ұстанымына ден қоя отырып, сол талаптарға сай келетін тест құрылымы мен мазмұндарын жасап шықты. Валидтілік, сенімділік, ықпалдылық және тиімділік ұстанымдары CELA орталығының тест жасау ісінде орталықтың одан әрі дамуына, тестерді жетілдіруде және тестердің Ұлыбритания мен басқа елдерде де сұранысын арттыруға мүмкіндік берді. Тест тапсырмалары коммуникативтік мазмұн негізінде жасалған. Ал бұл факторлар өз кезегінде CELA орталығының академиялық және академиялық емес тіл деңгейін анықтайтын мақсатты тест түрлерін дамытуына алып келді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қолданыстағы ағылшын тілінің (English-in-Use) Кембридж тест форматтарына енгізілуі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1765
